КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облысытық ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова мен Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымы көшбасшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Жолдауда білім саласына қатысты көптеген реформаларды қолдап, білімді ұрпақты ел болашағының тірегі етіп шығарудағы міндеттердің артқаны айтылды.
Президент Қ.К.Тоқаев «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» деді. Саннан сапаға, сападан нәтижеге жету әр адамның алдына қойған мақсаты болса, еліміздің дамуы да нәтижелі болмақ.
«Мемлекет басшысы «Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» деп әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарын айқындаса, біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз», - деді Т.А.Баймбетова.
Отырыста Келісу комиссиясын құру туралы көптеген ақпараттар,кеңестер берілді.
Т.А.Баймбетова сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің экономикалық жағдайын жақсартуға облыстық Келісімде көрсетілген қосымшалар және жаңалықтарлы таныстырып өтті.
Отырыс соңында кәсіподақ мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берілді.
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы кәсіподақ ұйымы филиалы