ҰЛАНДА ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 320 орынға арналған жаңа мектеп ашылды.
Мектеп ұжымы бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және аудандық кәсіподақ ұйымының құрамына кіруге шешім қабылдады.
Осыған орай, ең алғашқы кәсіподақ жиналысын өткізіп кәсіподақ ұйымын құрып және бірауыздан дауыс беру арқылы бастауыш кәсіподақ төрағасына ағылшын тілі пәні мұғалімі Әділ Анарбеков сайланды.
Жиналысқа қатысқан Ұлан ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Кабдрахманова алдағы уақытта ұйымның алар асулары биіктей түсіп, еңбегі жемісті болсын деп тілек білдірді.