АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысының, Әйтеке би ауданында шағын жинақты мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2023» байқауы өтті.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған байқауға білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты - мұғалімдердің кәсіби шеберлігін таныту, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, қолдау.
Шараға аудандағы шағын жинақты мектептердің 6 педагогі қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Еңбекту жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Келдібай Ақсәуле Саматқызы жүлделі І орынды иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алды. Байқауға қатысқан педагогтердің барлығы арнайы дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарына аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарапынан қаржылай сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, байқау қатысушылары мен жеңізпаздарын аудандық білім бөлімінің басшысы Сәулеш Біртаева мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов құттықтап, марапаттарды табыстады.
-
Фотографии
-