«БІЛІМ МЕН ЕҢБЕК – БӘРІН ЖЕҢБЕК»
5 қазан – Мұғалімдер күні және 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні кәсіби мерекелеріне орай Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы «Білім мен еңбек - бәрін жеңбек» атты салтанатты қабылдауын ұйымдастырды.
Аталған шараға Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Ахметова, «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ғ. Мухметова және мекеме басшылары, сала ардагерлері, аудандық, қалалық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, белсенді кәсіподақ мүшелері қатысты.
Салтанатты қабылдауда алғашқы құттықтау сөзін Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы М. Төлепбергенов алып, еңбек адамының құқығын қорғау жолында қызмет етіп жатқан кәсіподақтың жұмысына тоқталып, білім саласында үздіксіз жұмыс жасаған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.
Сонымен қатар салалық кәсіподақтың «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподақ ардагері», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін және Құрмет грамотасын кәсіподақ белсенділеріне табыс етті.
Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Ахметова ұстаздық мамандықты абыроймен атқарып жүрген педагогтарға алғысын айтып, мерекемен құттықтады. Әлеуметтік әріптестік аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі ретінде ҚР Оқу-ағарту министрілігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломы, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатын және білім басқармасының Құрмет грамотасын табыстады.
Еңбек адамының еңбегін ескеріп, Алматы және Жетісу облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ә. Қыдырмановта ұстаздарға арнап, ақ тілегін жеткізіп, бірқатар ұлы маман иесін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты шарада жас мамандар кәсіподақ қатарына қабылданды. Сала ардагері Ә. Қазыбай еңбек жолын енді ғана бастаған ұстаздарға кәсіподақ билетін табыс етті.
Мерекелік қабылдауда педагог мамандығына қатысты сұрақтар қойылып, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің өнерпаздары мен Оқушылар сарайының бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-