КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
10 қазан күні «Қазақстан кәсіподақтар күні»мерекесі Маңғыстау аумақтық кәсіподақтар орталығымен біріккен шара Достық үйінде салтанатты түрде атап өтілді.
Жиынға облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев қатысып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге, шарада, облыстық кәсіподақтар тарихына қатысы бар - оның бастауында тұрған кәсіподақ қозғалысының ардагерлері және қазіргі бастауыш кәсіподақ белсенділері мен мүшелері, қонақтар қатысты.
Салтанатты жиын марапаттау рәсіміне ұласты. Маңғыстау облысы кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне, барлық саланың кәсіподақ қозғалысының көшбасшыларына "Еңбек ардагері" медалі және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төсбелгісі, «Құрмет грамоталары», «Алғысы», облыс әкімінің құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталды.
Өңір өнерпаздарының мерекелік концерті барлық қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Маңғыстау облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-