БІЛІМ ОШАҒЫНА - 40 ЖЫЛ
Биыл талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясынан ұшырған Қобда ауданындағы Жарық мектеп-балабақшасының іргесі қаланғанына – 40 жыл толып отыр. Аталмыш шараға аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, білім беру мекемелерінің директорлары, мектеп ардагерлері мен түлектері қатысты.
Мерейтой аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиналғандар алдында мектеп оқушылары ән салып, күй шертіп, би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Концерт барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрлыбай Айжарықов пен Жарық мектеп-балабақшасының директоры Максим Танышкунов жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, мектеп ұстаздарына Алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар білім саласындағы жемісті еңбегі үшін облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының атынан екі ұстазға және аудандық кәсіподақ ұйымының атынан үш ұстазға шипажай сертификаттары табыс етілді.