ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Орал қалалық оқу-ағарту білім және жоғары ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен Серебряково мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымында «7 қазан Халықаралық лайықты еңбек әрекеттері күніне» арналған «Ішкі бақылау – қауіпсіз жағдай жасау құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Серебряково ЖОББМ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Н.Қуанғалиев , техникалық инспектор Г.Елеуова және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Шараны кәсіподақ төрағасы Н.Қуанғалиев ашып, «Еңбек күні» – бұл күнтізбедегі нағыз еңбек мерекесі ғана емес, сонымен қатар жұмыс өмірінің сапалық көрсеткіші екенін атап өтті.
Білім мекемесінің техникалық инспекторы Г.Елеуова – білім беру ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін реттейтін еңбек заңнамасының және нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі бойынша мәселелерін түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар еңбекті қорғау бойынша сауалдарын қойып, осындай шараларды өткізудің қажеттілігі туралы өз ұсыныстарын жеткізді.
Кәсіподақ төрағасы Н.Қуанғалиев дөңгелек үстелге қатысушыларды атаулы мереке күнімен құттықтап, Орал қалалық оқу-ағарту білім және жоғары ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сыйлықтар табыстады.