АҚТӨБЕДЕ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор.
Міне, сондықтан да елімізде атаулы мерекелер қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Жер-жерде атаулы мерекеге арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленуде.
Биыл да аталған дәстүр үзілмей, Ақтөбе өңірінің әр ауданында Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік марапаттау шарасы жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға қатысқан аудық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағалары мен білім бөлімінің басшылары елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын тілге тиек етті.
Марапаттау шарасында өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындату жолында еселі еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды.
Шәкіртінің сапалы білім алуында аянбай тер төгіп жүрген ұстаз еңбегі қашанда биік марапаттарға лайық.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
-
Фотографии
-