АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ: ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы – 7 аудандық, 2 қалалық және жоғарғы оқу орынындағы филиалын, 428 бастауыш кәсіподақ ұйымын құрамына біріктіріп, 27 мыңнан астам мүшесінің құқығын қорғау жолында бірқатар жұмыстарды жүйеледі.
Кәсіподаққа қызметкерлерді тарту жөніндегі жұмысты күшейту, статистикалық есептер сапасын жақсарту мақсатында және «Цифрлы кәсіподақ» платформасы аясында кәсіподақ мүшелерінің бірыңғай электронды базасы жасақталды.