Статья М.Т.Амантаевой в газете «Егемен Қазақстан» "Мұғалім мәртебесі – өркениеттілік өлшемі" от 01.10.2016 года
Мұғалім мәртебесі – өркениеттілік өлшемі
Майра АМАНТАЕВА, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұлттық білімнің са пасын арттыруда, орта білім беру саласына жаңа стандарттар енгізу бойынша нақты тапсырмаларды белгілеп берді. Осы орайда, ұрпақ тәрбиесімен тікелей бетпе-бет келетін ұстаздар жайлы, олардың әлеуметтік әл-ауқаты, қоғамдағы мәртебелеріне қатысты кейбір проб лемаларды алға тартпақ ниеттеміз. Кәсіподақ органдары мен оған мүше ұйымдардың алға қойып отырған ең басты мақсаты – кәсіп одақ мүшелерінің еңбек және әлеу меттік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бо лып табылғандықтан, білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік әлауқатының нақты көрінісін жеткізу де бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Ал бұл дегеніміз, қоғамдағы тұ рақтылықты сақтаудың негізгі құралдарының бірі. Осы уақытқа дейін кәсіподақ жұмысы түрлі үлкен сынақты тәжірибеден өтіп, бүгінгі күні салиқалы да салмақты, берекелі де беделді қоғамдық ұйымға ай налды. Билік пен қоғамның өзара уағдаластық үйлесімі әлеуметтік әріптестік аясында жүзеге асы рылып келеді. Білім және ғылым министрлігімен Салалық кәсіподақ арасында байыпты өзара ықтымақ тастық орын алды. Екіжақты қол қойылған 2015-2017 жылдарға ар налған салалық келісімшарты да ұстаздардың мәселелерін шешуде оңтайлы септігін тигізеді деп сенеміз. Елдегі экономикалық-қаржы дағдарысына қарамастан, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру қызметкерлерінің жал ақылары 29 пайызға артуы, жыл сайын білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық база ларының нығайтылуы, білім беру ұйымдарының жаңа заманауи тех нологиямен жабдықталуы, жас мамандарға жасалған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының жүзеге асуы сынды нәтижелі жұмыстардың бәрі мемлекет та рапынан көрсетілген ірі қолдау. Дегенмен, атқарылып жатқан қыруар жұмыстарға қарамастан, қоғамдағы ұстаздардың мәртебесі әлі де төмен. Бұған ұстаздарға қатысты кейбір шешілмеген мәселе лердің түйткілдері себеп болып отыр. Мысалы, елімізде ұстаздың еңбекақысы қазақстандықтардың ор таша жалақысымен салыстырғанда небәрі 75 пайызды құрайды. Әри не, қазіргі таңдағы дағдарыс жағ дайында мемлекеттен білімге, соның ішінде педагогтар үшін қосымша жағдайлар мен кепілдіктер жасауға шығын көлемін көбейтуді талап етуге қолайлы уақыт емес екендігі түсінікті. Алайда, біз білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты еңбек талаптары мен жүктемелерінің артуына орай, жалақыны әділетті түрде көбейту қажет деп ойлаймыз. Еңбекке ақы төлеудің бірыңғайланған жүйесінің бірнеше кемшілігі бар, соның бірі – педагогикалық еңбектің ерекшелігін ескеретін салалық тәсілдің бол мауы. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы бірыңғайланған жүйесін алып тастау туралы неге ойланбасқа? Білім беру ұйымының қызметкерлері үшін салалық ерек шелікті ескеріп, штаттық-лауа зымдық тәсілдерді көздейтін ең бекақы төлеудің салалық жүйесін әзірлеп және оны енгізу қажеттілігі туындауда. Жалақының мөлшері еңбектің саны мен сапасына ті келей тәуелді болуы тиіс. Жала қыны дифференциялау қажет. Педагог қызметкерлердің еңбегін материалдық ынталандыруға мүм кіндік жасау мақсатында материал дық көтермелеудің жеке қорын қарастырған жөн. Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша педагогтардың тек 60 пайызында ғана жеке баспана бар. Әлемнің экономикалық дамыған елдерінде білім беру ұйымының қызметкерлері әл-ауқаты жағынан орташа топқа жатса, қазақстандық педагогтар туралы олай деуге әлі ерте. Салалық кәсіподақ аталған мәселелерді өз назарынан тыс қалдырған емес және бұған қатысты сұрақтарды Үкімет, Парламент пен салалық министрлік алдында бірнеше рет көтерді. Сала қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейту жөнінде педагогикалық кәсіптің абыройын арттыруға бағытталған ұсыныстар да айтылып келеді. Жыл сайын республикалық бюд жеттен мемлекеттік тапсырыс ре тінде педагогикалық мамандықтарға миллиардтаған қаражат бөлінеді. 2015-2016 оқу жылында жалпы саны 32 168 гранттың 3 689-ы педа гогикалық мамандыққа берілсе, биылғы 2016-2017 оқу жылына бөлінген 31 700 гранттың 5000-і аталған мамандықтарға тиесілі бол ды. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, диплом алған жас педагогтардың саны елімізде жеткілікті. Дегенмен, олардың көпшілігі өздерінің мамандықтары бойынша қызмет атқаруға талпына қоймайды. Өйткені, жас ұстаздардың жалақысы небәрі 50 мың теңге шамасында. Мұндай төмен жалақыға жастардың барғысы келмейтіні белгілі. Сондай-ақ, педагог қызметіндегі гендерлік сәйкессіздіктің реттел меуі де өз ықпалын тигізуде. Елі мізде мұғалімдік қызметті атқара тындардың 86 пайызын әйелдер құрайды. Күрмеуі күрделі мәсе лелердің қатарына ұстаздардың қартаю үрдісін де қосу керек. Тәуелсіз сарапшылардың зерт теулеріне сүйенсек республика бойынша мұғалімдердің саны 340 мыңнан астам екен. Ал оның ішіндегі 8000-ға жуығы зейнеткер лер көрінеді. 40 мыңнан астамы зей нет жасы алдындағы ұстаздар болса, жастардың үлесі небәрі үштен бір бөлігін құрайды. Ұстаздар қауымы кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында әр 5 жыл сайын біліктіліктерін жетілдіру курстарынан өтеді. Алай да, бүгінгі ғылым мен техниканың даму үрдісінен қалыс қалмау үшін 5 жылдық мерзімді 2-3 жылдық мерзімге қысқартқан жөн деп са наймыз. Мұғалім кәсіби тұрғыдан өздерін ұдайы жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог кадрларды сапалы даярлау мәселелеріне де жауап кершілікпен қараудың маңызы зор. Көп жағдайда мұғалімдер білім жетілдіру ісінде оқу үрдісіне керек құрал-жабдықтарды, оқу-әдісте мелік әдебиеттерді, ғылыми-педаго гикалық шығарылымдарды жеке қаражаттарына сатып алуға мәжбүр. Осындай шығындарды өтеуге мем лекет тарапынан компенсация тағай ындалса нұр үстіне нұр болар еді. Педагогтарды толғандыратын мәселелердің тағы бірі – ұстаздар жыл сайын демалысқа шығатын кезде жалақысының бір айлық көрсеткіші мөлшерінде тағайындалатын емдік жәрдемақының жеткіліксіздігі. Елдегі барлық шипажайлармен жеңілдетілген баға саясатын ұсыну бағытында келіссөздер жүргізумен қатар, салалық кәсіподақ ұйымы өз тарапынан қолдау көрсетіп, кәсіподақ бюджетінен мұғалімдердің сауықтыруына белгілі деңгейде көмек көрсетіп келеді. Мұндай кө мекпен республикамыздың барлық мұғалімдерін қамтамасыз етуге кәсіподақ қауқарсыз. Осымен қоса, ауылдық жерлерде жұмыс жасай тын ұстаздарға отын алу шығын дары бойынша мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен мате риалдық өтемақы бөлу мүмкіндігі заң аясында анықталған. Бірақ бұл көмектің ең аз шегі анықталмаған. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар да бұл әлеуметтік кепілдікті алып тастау мәселесі қарастырылып жат қаны педагогтардың әлеуметтік жағ дайына қиындық тудыратыны сөзсіз. Жоғарыда аталып кеткен түйіндер оңтайлы шешілмейтін болса, білім беру қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесінің көтеріліп, білім сапасы көңіл көншітетіндей деңгейге жетуі екіталай. Бұл мәсе лелерге Үкімет, кәсіподақ, жергілікті әкімшілік болып, тіпті қоғам болып бірге ат салыссақ, ұстаздар бар ынтажігерімен бала оқытуға құлшынар еді. Иә, ұстазға тән қасиеттің барлығы олардың бойынан табылып тұрса, ешкім оған негізсіз мін таға алмай тыны да анық. Бұл тұрғыдан кел генде ұстазда ұқыпты, білікті, жанжақты заман азаматы болуы тиіс. Мұғалімнің ең негізгі миссиясы – оқушының өз-өзін тануға, дамытуға әрдайым ықпал жасау. Ұл-қыздың қоғамға, өз Отанына қызмет етуін санасына сіңіру болып табылады. Педагогикалық жаңашыл үрдіс пен идеялар қазақстандық мектептердің тынысын ашып, зердесін ұштайды. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, ша быттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген ин новациялық-экономикалық жетіс тіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздарды кәсіби мерекесімен құт тықтай отырып, мерейлі еңбектеріне сәттілік тілейміз.
«Егемен Қазақстан» жалпыұлтық республикалық газет