Қоса атқару жағдайында жасалатын еңбек шартының мерзімі туралы.
Білім беру ұйымдарында жұмыс берушілер педагогтармен қоса атқару жағдайында еңбек шартын жасауда, оның мерзімін оқу процесінің аяқталуымен, яғни маусымға дейінгі немесе маусым, шілде айларының күндерін, кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (әрі қарай – ҚР ЕК) 30-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасын негізге алып «белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына», деп белгілейді.
ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 56) – тармақшасына сәйкес қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.
Білім беру ұйымдарында орындалатын жұмыс тұрақты еңбекақы төленетін сипатта болғандықтан, қоса атқару жағдайында жасалатын еңбек шартының мерзімі ҚР ЕК 30-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары бойынша бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге немесе уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына жасалуы тиіс.
Осыған байланысты, педагогтармен, қоса атқару жағдайында еңбек шартын жасауда, оның мерзіміне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми түсінідірмесін назарларыңызға ұсынамыз:
-
Фотографии
-