МЕКТЕПТЕ 8 САҒАТТЫҚ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІМЕН МҰҒАЛІММІН. PHD ДОКТОР ДӘРЕЖЕМ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚОСЫМША АҚЫ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСЕПТЕЛЕДІ МА?
“КҮН СҰРАҒЫ” айдарына:
Мектепте 8 сағаттық оқу жүктемесімен мұғаліммін. PhD доктор дәрежем үшін белгіленген қосымша ақы оқу жүктемесіне қатысты есептеледі ма? Айлық ақы жүйесі Фаворит базасымен жұмыс жасайды.
Педагогтардың лауазымдық айлықы, қосымша және үстеме ақыларын есептеуде «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (әрі қарай -Қаулы), басшылыққа алынуы тиіс (ҚР Еңбек кодексі 139-бабы 9-тарм.).
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 шiлдедегi № 569 қаулысымен жоғарыда көрсетілген Қаулының 18-Қосымшасындағы 12-тармаққа өзгерістер енгізіліп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілген.
Қаулы күшіне енгелі аталған қосымша ақы мектептің педагогтарына берілмейді.
Яғни, ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға 17-АЕК көлемінде қосымша ақы базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі.
Қаулыға өзгеріс енгізілгенге дейін мектетегі ғылыми дәрежесі бар барлық педагогтарға белгіленген көлемде қосымша ақы төленген. Қосымша ақының оқу жүктемесіне қатысы жоқ, тиісті дипломы болған кезде және негізгі жұмыс орны бойынша жүргізілген.