СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Еліміздің бірқатар аймағындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы да тыс қалмады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім салалық кәсіподағының ұсынысы бойынша су тасқыны орын алған аймақтардағы білім беру қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсету мақсатында қор құрылған, соған ШҚО жергілікті кәсіподағы ақшалай көмек көрсетті.
Осымен шектелмей қосымша Өскемен қаласында еріктілер қозғалысы «Творим добро вместе» көмек жинау пунктіне: азық түлік және жаңа заттай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, жергілікті кәсіподағының аппараты зардап шеккендерге көмектесу үшін бір күндік жалақыны облыстық комитеттің резервтік қорына аударды.
Бүгінгі таңда су тасқынының бірінші толқынынан Катонқарағай ауданының білім беру ұйымдарынан кәсіподақтың үш мүшесі зардап шекті. Ауа райы жағдайына байланысты облыс бойынша су тасқынының екінші толқыны күтілуде, зардап шеккендерге көмек көрсету жалғастырылады.
#ШҚОбілімкәсіподағы
-
Фотографии
-