
Поздравление председателя Отраслевого профсоюза с праздником Наурыз!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Табиғат түлеп, жер жаһан жаңарып, күн мен түн теңелетін тамаша шақ – Ұлыстың ұлы күні биыл қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлағаты мол ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз салтанат құрып, дәріптелетін қастерлі мереке жылдан-жылға айрықша сипат алып, 10 күн бойы ерекше аталып өтуде.
Амал, Көрісу күнінен басталған мейірім мейрамы, жыл басы, жаңару күні қазақ топырағына құт-береке, молшылық әкелгей.
Іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың белгісіне айналған айшықты мерекеде әр шаңыраққа шадыман шаттық, баянды бақыт, жақсылық, қуаныш тілеймін!
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!
Ізгі тілекпен,
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
Айгүл Мұқашева