«DIGITAL KASIPODAQ: КӨШБАСШЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС
Форумның ашылу салтанатына Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева, Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлбарам Науразбаева, Павлодар облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Нургуль Азанбаева, Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті аппаратының бөлім басшысы Ернар Иманбаев, Салалық кәсіподақтың өңірлік Жастар ісі жөніндегі кеңес төрағалары және Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының жас кәсіподақ активі қатысты.
Форум — бұл тек кездесу ғана емес, жаңа серпін, тың идеялар мен көшбасшылардың алаңы. Осы ретте Павлодар облыстық Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері қатысушыларға атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңа жобалармен, жас мамандарды кәсіподақ мүшелігіне тарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында «Ұстаздар сабақтастығы: өткен мен бүгін» тақырыбында қойылым қойылды.
Күннің екінші жартысында қатысушылар А.Шамкенов атындағы №16 мектеп-лицейінің коворкинг-орталығымен танысып, әрі қарай шығармашылық алаңда «КВН – Ұстаз Edition» облыстық финалын тамашалады.
-
Фотографии
-