БІРЛІККЕ БАСТАР ҚАДАМ
Петропавл қалалық кәсіподақ ұйымының үлкен отбасы тағы бір жаңа ұжыммен толықты! Жаңадан ашылған «Жас өркен» балабақшасы кәсіподақ қатарына қосылып, еңбек адамдарының мүддесін қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам жасады.
Бұл – жаңа бастамалардың, өзара қолдаудың және ортақ мақсатқа бағытталған игі істердің бастауы. Өйткені кәсіподақ – тек қызметкерлердің басын біріктіретін ұйым ғана емес, ол еңбек адамының құқығын қорғап, оның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби дамуына және ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастыруға ықпал ететін сенімді серіктес.
«Жас өркен» балабақшасының кәсіподақ ұйымына қосылуы жас ұжымның бірлігі мен ынтымағын нығайтып, алдағы уақытта көптеген игі бастамалардың жүзеге асуына жол ашатынына сенім білдіреміз. Бүлдіршіндердің бақытты балалық шағы мен сапалы тәрбиесі үшін еңбек етіп жүрген балабақша қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері артып, еңбектері әрдайым лайықты бағалана берсін!
Жас ұжымды басқарып отырған тәжірибелі басшы Балғын Науанқызы Мусинаға және кәсіподақ ұйымының төрайымы Мәдина Бекболатқызы Ескендыроваға жаңа бастамаларына сәттілік, жауапты қызметтеріне табыс тілейміз!
Кәсіподақ жұмысының негізі – әлеуметтік әріптестік, өзара сенім, әділдік және ынтымақтастық. Басшылық пен кәсіподақ ұйымының бірлесе әрекет етуі еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға, олардың кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай ынтымақтастықтың арқасында ортақ мәселелер шешімін тауып, ұжым мүшелерінің өзара қолдауы мен жауапкершілігі арта түседі.
Алдағы уақытта «Жас өркен» балабақшасы да кәсіподақ қозғалысының белсенді мүшесіне айналып, қалалық кәсіподақ ұйымының игі бастамаларына өз үлесін қосады деп сенеміз. Ұжымдарыңызда әрдайым ауызбіршілік пен татулық салтанат құрып, әр қызметкер өзін құрметтелген, қорғалған және ортақ істің маңызды мүшесі ретінде сезінсін!
Жас ұжымның жұмысына шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу, береке мен мол жетістік тілейміз! Үлкен кәсіподақ отбасына қош келдіңіздер!