СЕМИНАРДА ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыты — кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау және еңбек дауларының алдын алу болып табылады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша А.Жұбанов атындағы музыка колледжінде келісу комиссиясының мүшелерін оқыту мақсатында «Жеке еңбек дауларын шешу» тақырыбында семинары өтті.
Семинарда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев семинардың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, туындайтын жеке еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін қаралатын мәселелердің қаншалықты маңызды және өзекті екенін түсіндірді. Еңбек қақтығыстарын шешуде келеңсіздіктерге жол бермеуге болатынын айтып, орын алған жағдайдағы кәсіподақ ұйымдарының қызметі туралы баяндады.
Семинарға А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің келісім комиссиясының 6 мүшесі және кәсіподақтың 53 мүшесі қатысты.
-
Фотографии
-