МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Кәсіподақтың негізін қалаушы бастауыш ұйымдар. Ондағы әр еңбек адамының құқығын қорғау қоғамдық бірлестіктің маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы мен Талдықорған қалалық филиалының басшылары жұмыс жүргізіп, №14 орта мектеп – гимназиясының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Төлепбергенов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы мақсаттары мен міндеттерін көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар, Талдықорған қалалық филиалдың төрағасы А. Ерікқызы оқу жылындағы ІІ тоқсанның аяқталуына орай ұстаздарға спорт түрлерінен шаралар ұйымдастырылғанын және қаладағы барша білім саласының қызметкерлерін қамтылғанын айтып, өзекті мәселелерді көтерді.
Жиында еңбек ұжымы тарапынан қойылған кәсіподақ жарнасы, мүшелігі, бастауыш ұйымына қатысты сұрақтарға облыстық ұйымның заңгері Ә.Қайырхан толық жауап беріп, құқықтық кеңесін ұсынды.
Білім мекемесін басқарып отырған Ж.Естібаева айтылған ақпаратты сараптап, педагогтардың құқығы мен мүддесін қорғайтын кәсіподақ екенін айтып, алғысын білдіріп, әлуметтік әріптестік аясында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-