БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТТАН БАҚ СЫНАДЫ
Қысқы демалыс күндері «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалы білім саласы қызметкерлерінің арасында спартакиада ұйымдастырды.
Шараның ашылу салтанатына облыстық ұйымның төрағасы М. Төлепбергенов қатысып, ұстаздарды меркеме құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Ал, Талдықорған қалалық филиалдың төрағасы А. Ерікқызы дәстүрге айналған үрдісті жалғастырып жатқанын жеткізіп, тоқсан сайын өтетін спартакиаданың мақсатын айтып өтті.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы білім саласының қызметкерлері тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату сынды спорт түрлерінен бақ сынайтынын жеткізді.
Спартакиаданың бас төрешісі Б. Оңалбаев жарыстың ережесін таныстырып, ойын түрлері әр күнге бөлінгенін, жеке-жеке өтетінін хабарлады. Спартакиаданың алғашқы күнінде тоғызқұмалақтан 20 команда қатысты. 14 орта мектеп-гинамназиясында өткен шарада 60 педагог бақ сынады. Ойдың ұшқырлығы мен есептеу үдісін талап ететін бұл ойын түрінде ұстаздар жарысып, өзара кілең мықтыларды анықтады.
І орынды – Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі, ІІ орынды №2 орта мектеп командасы иеленді. ІІІ орынды «Д. Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты» және №4 орта мектептері бөлісті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-