ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
✔️Мектеп – білімнің алтын ордасы десек, сол орданың рухани жүрегі – кітапхана. Ал, кітапхананың тыныс-тіршілігін жандандырып, оқушыларды білім мен парасатқа жетелейтін тұлға – кітапханашы. Осындай игі істің басында жүрген жандардың бірі – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің кітапханашысы Жаманқұлова Жанат Зейноллақызы.
▪️Жанат Жаманқұлова – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, оқушылардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлетін білікті маман. Ол 1970 жылы Ойыл ауданының Саралжын ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қобда қазақ орта мектебін тәмамдап, білім жолын жалғастырды. 2008 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, ұстаздық пен кітапхана ісін ұштастыра білді.
🔸2014 жылдан бері Талдысай орта мектебінің кітапханасында табысты еңбек етіп келе жатқан Жанат Жаманқұлова кітапхананы тек кітап сақталатын орын ретінде емес, оқушылардың жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтетін рухани орталыққа айналдырды. Оның бастамасымен мектепте түрлі кітап көрмелері, әдеби кештер, танымдық шаралар мен әдеби сағаттар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
📚Ол әр оқушының кітапқа деген қызығушылығын оятып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Кітапханаға келген әр балаға бағыт-бағдар беріп, дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Осындай жемісті еңбегінің арқасында ол әріптестері мен шәкірттері арасында зор құрметке ие.
📖Жаманқұлова Жанат Зейноллақызы – өз ісінің нағыз шебері, кітап әлемінің шырақшысы. Оның еңбегі жас ұрпақтың саналы, білімді болып қалыптасуына қосылған баға жетпес үлес.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-