ЕҢБЕК АДАМЫ
📚Кітапханашы – руханияттың шамшырағын жағып, адам мен кітап арасын жалғап тұрған ерекше мамандық иесі. Ол тек кітап сақтаушы ғана емес, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыратын тәрбиеші, бағыт-бағдар беруші тұлға.
📕Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Исақова Зинегүл Төлегенқызы. Ол 1976 жылдың 3 маусымында Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған білікті маман.
📗Қазіргі таңда Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кітапхана меңгерушісі қызметін табысты атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл. Осы жылдар ішінде ол өзін жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, өз ісіне адал маман ретінде танытты.
📙Зинегүл Исақова – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ол кітапхана жұмысын заман талабына сай ұйымдастырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ерекше мән беріп келеді. Оның ұйымдастыруымен түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, кітап көрмелері мен әдеби кештер өткізіліп, жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосылуда.
📒Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын маман 2026 жылы «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы курстан өтіп, сертификат иегері атанды. Бұл – оның үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдыққа ұмтылатын маман екенінің дәлелі.
📕Еңбегі елеусіз қалған емес. Ол бірнеше мәрте аудандық және облыстық деңгейдегі Құрмет грамоталарме, Алғыс хаттармен марапатталған. Бұл – оның білім саласына қосқан сүбелі үлесінің айқын көрінісі.
🖇️Зинегүл Исақова – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар үш баланың ардақты анасы. Отбасы мен қызметті қатар алып жүрген өнегелі жан ретінде де көпке үлгі.
📖Кітап – адамзаттың асыл қазынасы десек, сол қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін кітапханашылардың еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Зинегүл Исақова осы жолда аянбай еңбек етіп, білім мен руханияттың дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-