БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ
✅Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында екені анық. Осы қағиданы басты бағдар еткен Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі бүгінгі таңда сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өзіндік орны қалыптасқан білім ордасы. Мектеп ұжымы 2024–2025 оқу жылында дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп, бірқатар жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
▪️Мектептің басты мақтанышы – оның ізденімпаз, алғыр шәкірттері. Биылғы оқу жылында олар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен олимпиадаларда табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары тек білім сайыстарында ғана емес, ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағытта да белсенділік танытып келеді. Оқушылар «Әнші балапан-2024», «Жарқын болашақ», «Президенттік олимпиада», «Мың бала» сынды түрлі байқауларда да топ жарып, мектеп абыройын асқақтатуда. Облыстық деңгейде үздік атанған оқушылар мен олардың жетекшілерінің аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы – ұстаздар еңбегінің жемісі.
🔆Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің жетістіктері ең алдымен, ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған мұғалімдер өз ісіне деген жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп келеді. Әсіресе, кәсіподақ мүшелері білім саласындағы бастамаларға белсене қатысып, әріптестік бірлікті нығайтуға және ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Олар тек оқу үдерісінде ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып, мектептің дамуына серпін беріп келеді.
🔸Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, дарынды ұрпақ қалыптастыру жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан білім ордасы. Алдағы уақытта да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, мектеп мерейі арта берері сөзсіз.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-