ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
📚 Кітап – үнсіз сөйлейтін, бірақ жүрекке терең әсер ететін рухани әлем. Сол әлемнің есігін айқара ашып, оқырманды білім мен ізденіске жетелейтін жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осындай абыройлы мамандық иелерінің бірі, кітапханашы Қанатбаева Гүлбарам Әкімқызы.
👩🏻🏫 Гүлбарам Қанатбаева - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылында дүниеге келген. Ол 2015 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін кітапханашы мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын бастады. Қазіргі уақытта Алтықарасу мектеп-балабақшасында кітапханашы болып қызмет етіп келеді. Еңбек өтілі – 13 жыл.
🏆 Кітапханашының кәсіби еңбегі жоғары бағаланып келеді. Ол 2021 жылы облыстық «Ең үздік кітапханалық сабақ» байқауында арнайы номинацияға ие болды. 2023–2025 жылдар аралығында аудан және ауыл әкімдіктері мен білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар 2024 жылы республикалық «Абай оқулары» байқауына жеңімпаздар дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
💫 Гүлбарам Қанатбаева тек кітап сақтаушы ғана емес, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына жол ашып жүрген тәлімгер. Оның шәкірттері түрлі мәнерлеп оқу және әдеби байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
📖 Өз ісінің нағыз шебері Гүлбарам Қанатбаева – кітап пен мейірімді, білім мен тәрбиені ұштастыра білген білікті маман.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-