КӘСІПОДАҚ – ҰСТАЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
Кәсіподақтың есеп беруі.
Кәсіподақты нығайтудың басты тетігі – оның мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау, олардың сенімі мен қолдауына ие болу. Ұйымдасқан әрі қуатты кәсіподақ – әрбір еңбек адамының сенімді қорғаны және әділ қоғамның кепілі.
Сондықтан «Ұстаз» Алматы қалалық кәсіптік одағының төрағасы Серік Қадірәліұлы Байғұттинов ұйым жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында әр ауданда жылдық есеп беруді талап етіп келеді. Соңғы 6 жылда бұл шара «Ұстаз» кәсіподағының игі дәстүріне айналды. Бұл – мүшелер арасында ұйымның беделін арттырудың ең тиімді жолы.
Біз, Әуезов аудандық филиалы, кәсіподақ мүшелері алдында жылдық жұмысымызды қорытындылай келе, ұйым мен еңбек ұжымы арасында алтын көпір орнап, сындарлы диалог қалыптасқанын аңғардық. Мұндай кездесулерде атқарылған істер сараланып, жіберілген кемшіліктерді жоюдың нақты амалдары қарастырылады.
Кәсіподақ – кейде көзге көріне бермейтін, бірақ қажет кезде әр мүшесінің қуанышын бөлісіп, қиындықта демеу болатын, құқығын қорғап, еңбек жолында бағыт-бағдар беретін ұстаздардың нағыз жанашыры әрі қамқоршысы.
Семенов Тимур Юрьевич,
Алматы қаласы, №132 гимназияның техникалық инспекторы
-
Фотографии
-