ЕҢБЕК АДАМЫ
Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы болса, оның тыныс-тіршілігін жандандырып, оқушыларды парасатқа жетелейтін тұлға – кітапханашы. Осындай жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген мамандардың бірі – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашысы Кавкаева Светлана Болатқызы.
Светлана Кавкаева - 1965 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Иличев ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Иличев атындағы орта мектепті аяқтап, 1988 жылы Уфимский индустриальдық-педагогикалық техникумды бітірді. Кейін 2014 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «кітапхана ісі» мамандығы бойынша білімін толықтырды.
2009 жылдан бері Ақкемер мектебінде еңбек етіп келе жатқан маман кітапхананы тек кітап сақталатын орын емес, оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін рухани орталыққа айналдырды. Оның бастамасымен мектепте кітап көрмелері, әдеби кештер, танымдық шаралар мен әдеби сағаттар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Кәсіби жетістіктері де назар аударарлық. 2020 жылы жастарды кітап оқуға баулу ісіндегі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2021 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен аудандық байқауда белсенділігі үшін Алғыс хат алды. 2023 жылы семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды. Сонымен қатар 2024 жылы медиа-ақпараттық сауаттылық бойынша сертификат, 2025 жылы кітапхана жұмысын ұйымдастыру және автоматтандыру бағыты бойынша біліктілігін арттырғаны үшін сертификат иеленді.
Кавкаева Светлана Болатқызы – өз ісіне адал, ізденімпаз, тәжірибелі маман. Ол кітап әлемінің шырақшысы ретінде жас ұрпақтың білімді әрі рухани бай болып қалыптасуына зор үлес қосып келеді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-