ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Байғанин аудандық қызметкерлердің кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес “Рауан” бөбекжай-балабақшасының қызметкерлерінің қатысуымен “Келіспеушіліктен-келісімге” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Бұл іс-шара еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және жұмыс орындарындағы қолайлы жағдайлар жасау бойынша маңызды мәселелерді қарастыру мақсатында өткізілді.
Семинарды ашқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Жамаладин еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мен әдістерге тоқталып, жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Ол сондай-ақ, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланыс пен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Семинар барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылап, тәжірибе алмасты. Тренингтер мен практикалық сабақтар арқылы қызметкерлерге жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбек дауларын шешу және жанжалдарды болдырмау әдістері түсіндірілді.
Қорытындылай келе, семинар қатысушылары еңбек қатынастарында келісім мен түсіністік орнатудың, сондай-ақ жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын терең түсінгендерін жеткізді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-