ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА КӘСІБИ БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Шара барысында ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық ізденістерін қолдау және білім беру саласындағы озық тәжірибелерді насихаттау мақсаты қойылды.
Байқау барысында қатысушы мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және шығармашылық ізденістерін жан-жақты таныстырып, әрбір ұстаз шәкірт тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен табандылығын, білім берудегі үздік тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл байқау тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлікті шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, І орынды Қаракемер негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Әмірғали, ІІ орынды Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі Жандос Нұрлыбай, ІІІ орынды И.Тайманов атындағы гимназияның мұғалімі Фариза Нұртазина мен Талдысай орта мектебінің мұғалімі Айнұр Мандыбай иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев ұстаздардың еңбегіне жоғары баға беріп, қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сөз соңында байқау жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-