БІЛІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН
🎼 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ахмет Жұбанов тағылымы: кәсіби музыканың қалыптасуы және заманауи білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
🎓 Аталған маңызды шараға ардагер ұстаздар, колледж оқытушылары, серіктес ұйым өкілдері және білім және ғылым саласының мамандары қатысып, рухани-танымдық мазмұндағы ортақ басқосуға жиналды.
🖼️ Конференция аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, білім ордасының тарихи даму жолы мен жетістіктері кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ оқу ғимаратында аға буын ардагерлер мен ұстаздар қауышып, өткен күндердің естеліктерімен бөлісіп, жылы жүздесуге толы әсерлі сәттер орын алды.
🎶 Жиын барысында Ахмет Жұбановтың кәсіби музыкалық білім берудегі тағылымды мұрасы және оның қазіргі заманғы білім жүйесін дамытудағы маңызы кеңінен талқыланды.
🎤 Басқосуда облыстық ұйымның төрағасы Раушан Серікова колледж ұжымына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар кәсіподақ көшбасышысы білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан кәсіподақ мүшелеріне ұйым атынан сауықтыру және тарихи-танымдық саяхатқа арналған 1 миллион теңге қаржылай қолдау көрсетті.
💐 Жиын соңында қонақтар мен қатысушылар ізгі тілектерін білдіріп, білім ордасының ұжымына еңбекте табыс, шығармашылық өрлеу және жаңа жетістіктер тіледі.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы