ҰСТАЗДАР БӘСЕКЕСІ
📚 Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен “Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” аудандық байқау өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілетін шыңдау және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің беделін көтеру болды.
🎓 Байқауға аудан мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімдері қатысып, өздерінің педагогикалық тәжірибесін, әдістемелік ізденістерін және шығармашылық жұмыстарын жан-жақты таныстырды.
🏆 Шара барысында үздік деп танылған мұғалімдер аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Бұл марапаттар ұстаздарға деген құрмет пен еңбектеріне берілген жоғары бағаның айқын көрінісі болды.
🌷 Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай байқаулар дәстүрлі түрде жалғасын табатынын атап өтті.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы