ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
📚 Француз жазушысы Виктор Гюго: «Халықты құтқаратын үш нәрсе бар: мектеп, мектеп және мектеп. Ал мектептің жүрегі – кітапхана» деген. Кітапханашы – үнсіз-ақ ұрпақ тәрбиелейтін маман. Оның еңбегі кітап беттерінде емес, адам тағдырында көрінеді. Ол тек кітап беруші емес, ақпарат пен адам арасындағы алтын көпір, жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыратын тәрбиеші.
📖 Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Жұбаназарова Эльмира Аюпнабиқызы. Ол 1974 жылы 26 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Орал қаласындағы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын бітіріп, саналы ғұмырын кітапхана саласына арнаған білікті маман.
📗 Қазіргі таңда Ақтөбе оьлысы Шалқар ауданы Бозой жалпы орта білім беретін мектебінде кітапханашы қызметін атқарып келеді. Еңбек өтілі – 30 жыл. Осы уақыт ішінде ол өзін жауапкершілігі жоғары, талапшыл, ізденімпаз, өз ісіне адал маман ретінде танытты.
📘 Эльмира Жұбаназарова оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі мәдени-танымдық шаралар, әдеби кештер, көрмелер мен конференциялар өткізіп, жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосып келеді.
📕 Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. 2025 жылы «Кітапхана ісі» тақырыбында 80 сағаттық курстан өтіп, сертификат алды. Бұл оның үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдыққа ұмтылатын маман екенін көрсетеді.
📙 Еңбегі елеусіз қалған емес. Ол бірнеше мәрте республикалық дипломдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған. 2025 жылы «Мағжан оқулары» және «Мақатаев оқулары» байқауларында І орын иеленді. Сондай-ақ 2025 және 2026 жылдары республикалық алғыс хаттарға ие болды. 2026 жылы «Абай оқулары» конкурсында да І орын иегері атанды.
📚 Жұбаназарова Эльмира Аюпнабиқызы – отбасымен қатар қызметін үйлестіріп жүрген өнегелі жан. Кітап – алтын қазына болса, сол қазынаны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін кітапханашының еңбегі зор құрметке лайық. Ол осы жолда аянбай еңбек етіп, білім мен руханияттың дамуына өз үлесін қосып келеді.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы