ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Кітапханашы - білім мен ақпараттың кілті, оқырманға рухани азық беріп, жаңа әлемге жол ашатын маңызды маман. Оның ең басты міндеті - кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастырып, оқушылардың оқу құштарлығын арттыру.
Осындай өз ісіне адал, жауапкершілігі мол жас маманның бірі - Досхан Тәңірберген. Ол АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылында дүниеге келген. Құмтоғай орта мектебін бітірген соң, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде “Тарих” мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарасай негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған Досхан Тәңірберген 2023 жылдан бері Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде кітапхана саласында қызмет атқарып келеді. Ол кітапхана жұмысының жүйелі әрі сапалы болуына үлкен мән беріп, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруды басты мақсат етіп қойған.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында өткізілген түрлі әдеби кештер мен танымдық шаралар Досхан Тәңірбергеннің маңызды жұмыстарының бірі. Ол оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында викториналар мен қызықты кездесулер ұйымдастырады.
Оның еңбегі еленіп, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының Алғыс хаты және 2026 жылғы Ұлттық кітап күніне орай білім бөлімі басшысының Алғыс хаты сияқты марапаттарға ие болды.
Досхан Тәңірберген - үш баланың әкесі, үлгілі отбасы иесі. Жас маманның кәсібіне деген адалдығы мен еңбекқорлығы жас
ұрпаққа үлгі боларлықтай...