ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖЫР ДОДАСЫ
Әйтеке би аудандық кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен жас ұстаздар арасында «Жастар жырлайды» атты жыр додасы өтті.
Аталған байқау – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттырып, поэзияға деген сүйіспеншілігін тереңдетуге бағытталған тағылымды алаң болды. Қатысушылар жүрек түкпірінен шыққан сырлы жырларын нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір өлең жолынан олардың ішкі жан дүниесі, асқақ арманы, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен ұстаздық мамандыққа деген құрметі айқын көрініс тапты.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Алпамыс Жалмұханбетов иеленді, бірінші орын Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Сәулет Оразбайқызына бұйырды, екінші орынды Шевченко жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Айдана Еламанова иеленсе, үшінші орын Талдық негізгі орта білім беретін мектебінің мұғалімі Гүлнұр Кенжебаеваға табысталды.
Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сыйақылармен, алғыс хаттармен марапатталды.