28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ
Осы күнге орай Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжімізде "Абай облысының оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы" бағытымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны колледждің арнайы пәндер оқытушысы, кәсіподақ үйымының техникалық инспекторы Алемжанова А.М. және педагог-психолог Алтайқызы А. бірлесіп өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара коммуникацияны нығайту, психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және кәсіби стрессті төмендету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық тренингтер мен интерактивті жаттығуларға белсене қатысып, өз ой-пікірлері мен қызығушылықтарын ашық білдірді. Әсіресе командалық ойындар мен сұрақ-жауап форматындағы тапсырмалар жылы атмосфера қалыптастырып, ұжымдық байланысты күшейтеді деген сенімдеміз.
Қатысушылар бұл іс-шараның тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты әрі мотивациялық әсер бергенін атап өтті.
Осындай кездесулер еңбек ұжымындағы сенімді қарым-қатынасты арттырып, психологиялық жайлылықты нығайтуға үлкен үлес қосады.
Нургожанова А.С.
Геодезия, картография және құрылыс
жоғары колледжінің кәсіподақ төрағасы.