ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ӘРЕКЕТІ – ҚАУІПСІЗ ОРТАНЫҢ КЕПІЛІ
Ақтау қалалық филиалының бастауыш ұйымы № 11 лицейде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні аясында жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен диалог форматындағы іс-шара өтті.
Кездесу барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы жауапкершілік және қауіптің алдын алу жолдары туралы пікір алмасты. Ашық әңгіме алаңында әркім өз ойын еркін білдіріп, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Мұндай диалогтар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, болашақ мамандардың саналы әрі жауапты болуына ықпал етеді.
Сонымен қатар Ақтау қалалық филиалының төрағасы К.Енсегенова дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні аясында №28 мектептің кіші қызметкерлеріміен «Қауіпсіздік мәдениетінің ролі» тақырыбында кездесу жұмысын ұйымдастырып өткізді.
Бұл күннің негізгі мақсаты-жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыру, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбек мәдениетін қалыптастыру.Қауіпсіздік тек ережелер жиынтығы емес,ол-ұйым ішіндегі мәдениет екендігі, әр қызметкер қауіпсіздік талаптарын сақтап, жауапты болғанда ғана нәтижеге қол жеткізетіндігі аталып өтті.
Жиын соңында тақырып аясында ашық сұрақтар қойылып пікір алмасты.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы.