ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова аудан аумағындағы бірқатар білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелерін талқылау болды.
Жиын барысында ұстаздар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өздерін толғандыратын мәселелерді ашық айтып, еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау бағыттары бойынша сұрақтарын қойды. Назгүл Сәбенова әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы білім саласындағы қызметкерлердің құқықтарын сақтау және еңбек қатынастарын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Назгүл Сәбенова кәсіподақтың басты міндеті – әрбір мүшенің мүддесін қорғау және олардың еңбек жағдайын жақсартуға ықпал ету екенін атап өтті.
Айта кетейік, кәсіподақ ұйымы білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.