ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Жас маман – білім саласына жаңа серпін әкелетін, тың идеялар мен жаңашылдықтың бастауы. Осындай талап деңгейінен көрініп жүрген жас ұстаздардың бірі – Нұрдәулетов Жанболат Болатұлы.
Жанболат Нұрдәулетов — 2001 жылы 30 қарашада Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан алғырлығымен, білімге деген ерекше құштарлығымен көзге түскен ол болашақта ұстаз болуды мақсат етіп, бұл жолды саналы түрде таңдады.
2022 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін тәмамдады. 2024 жылы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, кәсіби тұрғыда қалыптасқан маман ретінде еңбек жолын бастады.
Еңбек жолын 2024 жылы Саға мектеп-балабақшасында бастап, қазіргі таңда осы білім ордасында шәкірт тәрбиелеу ісін табысты жалғастырып келеді.
Жанболат Нұрдәулетовтің жетістіктері де айтарлықтай. Ол «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленіп, облыстық кезеңінде мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар облыстық пәндік олимпиадада ІІІ орынға ие болды.
Ұстаз еңбегінің басты өлшемі – шәкірт жетістігі. Жанболат Болатұлы дайындаған оқушылар да түрлі деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Атап айтқанда, облыстық информатика пәні бойынша академиялық жарыста ІІ орын иеленсе, «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде оқушысы ІІ орынға қол жеткізді.
Жанболат Нұрдәулетовтің еңбек жолы – жас ұстаздарға үлгі боларлық өнегелі жол.