ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ – ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН БІРЛІК
Бұл видеода Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы №6 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кадралиева Айнұр Амансейітқызы жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып өз қызметі мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырады. Оның айтуынша, кәсіподақ ұйымы мұғалімдердің мүддесін қорғайтын, бірлікті нығайтатын ортақ ұйым. Өзі де бастауыш ұйымның төрағасы ретінде қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, демалысын тиімді ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдау көрсетуге әрдайым ерекше көңіл бөлінетінін атап өтеді.
Педагогтың айтуы бойынша бүгінгі білім беру жүйесіндегі заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект ақпаратты тиімді жеткізуге, жұмысты жүйелеуге және жаңа форматта таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды құралға айналып отыр.
«Ұжымдағы татулық пен өзара сыйластық табысты жұмыстың басты негізі. Бүгінде ұжым бірлесіп көптеген жұмыстарды атқарып келеді. Алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы ортақ мақсаттарға бірге жетуді көздейміз» дейді Айнұр Амансейітқызы.