ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ӘР МАМАННЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ДАҒДЫСЫ
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Балалар өнер мектебі ұжымы бірлесе отырып, «Қауіпсіз еңбек – әр маманның күнделікті дағдысы» атты маңызды тренинг өткізді. Бұл шара еңбек қауіпсіздігін арттыруға, қызметкерлердің өз денсаулығы мен кәсіби жауапкершілігін сезінуін нығайтуға бағытталған болатын.
Жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардан құралған ұжым мүшелері тренингке белсенді қатысып, қауіпсіздік дегеніміз тек нұсқаулықтар мен ережелер жиынтығы емес, ол әрбір қызметкердің күнделікті өмірі мен жұмыс барысындағы саналы әдеті екенін терең түсінді. Тренинг барысында қауіпті жағдайларды анықтау, олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, тәжірибе алмасты.
Тренингтің қорытынды кезеңінде қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Бұл диалог қауіпсіздік мәселелеріне деген қызығушылықты арттырып, әрбір тұлғаның бұл процесте белсенді рөл атқаруының маңыздылығын көрсетті. Нәтижесінде, ұжымда қауіпсіздік мәдениетін одан әрі ілгерілетуге бағытталған жаңа бастамалар мен ұсыныстар туындады.
Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымы
Шығыс Қазақстан облыстық ұйым