АЛМАТЫЛЫҚ ПЕДАГОГТАР АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫСТЫ
Алматы қаласында білім ұйымдарының педагогтары мен «Ұстаз» кәсіподағының мүшелері арасында асық атудан қалалық турнир өтті. Жарыс Алматы қаласының спорт саласына елеулі үлес қосқан ұлттық ойындардың жанашыры Ізбасар Оразбақұлын еске алуға арналды.
Спорттық шара Наурызбай ауданындағы №188 мектеп-гимназиясының базасында ұйымдастырылды.
Турнирге қатысушылар ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды:
І орын – Наурызбай ауданының құрама командасы;
ІІ орын – Алатау ауданының командасы;
ІІІ орын – Әуезов ауданының командасы.
Бұл жетістік – команда мүшелерінің ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шаралар жалғасын табады деп сенеміз.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, алдағы жарыстарда жаңа табыстар мен биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
С. Қаржаубаев,
Алматы қалалық №188 мектеп мұғалімі
-
Фотографии
-