ҮЗДІК МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
30 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен әлеуметтік жобаларын тиімді жүзеге асыру, аудандық және қалалық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүйелі үйлестіру, мектеп, ата-ана және білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ озық тәжірибелерді анықтап, тарату мақсатында білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілерінен құралған командалар арасында «Біртұтас тәрбие тарландары» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Шара Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының және Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқауға облыстың 11 командасы қатысып, тәрбие саласындағы кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін таныстырды.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға бағытталған байқау келесі кезеңдерден тұрды:
I кезең: «БІЗ – ТӘРБИЕ ШАМШЫРАҒЫМЫЗ»
Командалардың топтық таныстыруы, мақсат-міндеттері мен тәрбие жұмысындағы ұстанымдарын таныстыру.
II кезең: «ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»
Тәрбие жұмысындағы инновациялық lifehack – тиімді әдіс-тәсілдер мен заманауи тәжірибелерді ұсыну.
III кезең: СҰРАҚ-ЖАУАП СЕССИЯСЫ
Қатысушылардың кәсіби білімі, жылдам шешім қабылдауы және ситуациялық тапсырмаларды орындауы бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Жарма ауданы
Әшіманова Арайлым Қанатқызы
Бұзаухаева Назым Мұратханқызы
Гүлманова Жанат Бөкейханқызы
II орын – Аягөз ауданы
Қалиханова Эльмира Сайлаубекқызы
Смағұлова Ляззат Кенжеғалиқызы
Омарова Рева Тайқоңырқызы
II орын – Ақсуат ауданы
Мұхаметрахимова Жанар Жексенбекқызы
Сарқытбай Ақнұр Болатханқызы
Тусіппаева Балжан Қадыршайхқызы
III орын – Мақаншы ауданы
Мусин Мақсат Даулетқазыұлы
Оңғарбаева Гүлбағдат Сапарбекқызы
Құрманова Айнұр Байқаметқызы
III орын – Көкпекті ауданы
Канапиянова Раушан Қадылқанқызы
Сейтқазы Жадыра Мұбараққызы
Ерсаинова Еркежан Қадылбекқызы
III орын – Семей қаласы
Қасымов Бағдат Бағланұлы
Сақыпжанова Жұлдыз Кеңесбекқызы
Анигам Мақпал Нұрсоветқызы
Жеңімпаз командаларға Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары және Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қаржылай сертификаттары табысталды.
Осындай мазмұнды шаралар тәрбие саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби ынтымақтастығын арттыруға, біртұтас тәрбие жүйесін дамытуға зор үлес қосады.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Абай облыстық ұйымы
-
Фотографии
-