МАЗМҰНДЫ ШАРА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Маңғыстау туризм колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ҚАЗАҚША QUIZ зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, ерекше атмосферада өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастардың отансүйгіштік рухын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру және қатысушылардың білім көкжиегін кеңейту болды.
Сонымен қатар, студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытып, топтық бірлік пен ұйымшылдықты қалыптастыруға бағытталды.
Зияткерлік сайыс 6 турдан тұрып, әр кезең мазмұнды сұрақтармен және қызықты тапсырмалармен ерекшеленді. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық пен жылдамдықтың нағыз үлгісін көрсетті.
Ойын барысында достық бәсеке мен көтеріңкі көңіл-күй сезіліп, көрермендерге де ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында барлық қатысушы топтарға бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сертификаттар табыс етіліп, белсенділік үшін алғыс білдірілді
Осындай тағылымы мол, рухани мәні терең іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз!
Маңғыстау Туризм колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-