МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ МЕРГЕНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Түпқараған аудандық филиалының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «AIM to WIN» атты мергендер сайысы жоғары деңгейде өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, мергендік қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту болды.
Сайысқа білім беру ұйымдарының қызметкерлері белсенді қатысып, садақ ату және пневматикалық мылтықпен нысана көздеу бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар тартысты бәсекеге түсіп, үздіктер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, арнайы сертификаттар табысталды.
Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жағымды әсер қалдырды. Мұндай сайыстар ұжымдық бірлікті арттырып, патриоттық рухты нығайтуға ықпал етеді.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы
-
Фотографии
-