ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облысы білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ ұжымы ер азаматтарды құрметтеп, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Салтанатты шара барысында ұжымдағы ер адамдарға ерекше құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Мерекелік жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Наукебаев кәсіподақ атынан барлық қызметкерлерге сертификаттар табыстады. Сонымен қатар, мектебіміздің құрметті зейнеткері Оразбай Бекішовке арнайы Алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетіп, оның көп жылғы еңбегін жоғары бағалады.
Шара барысында мектеп директоры Ақсауле Жалмұханова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымдағы ер азаматтардың ел дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлесіне тоқталды.
Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, аталған іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Тарбия Баймбетоваға айрықша алғыс білдіреміз.
Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Ел тыныштығы мен бейбітшілік мәңгі жасасын!
Г.Наукебаев,
«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы