ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ДОДА
Маңғыстау облыстық ұйымының Жаңаөзен қалалық филиалы қала ұстаздары арасында айтулы спорттық мереке ұйымдастырды.
Жаңаөзен қаласындағы №13 «Дарын» мектеп-лицейінің 10 жылдық мерейтойы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған бұл шара «Салауатты ұстаз – сапалы білім кепілі» ұранымен өткізілді.
Тартысты өткен бәсекеде қала мектептерінің мұғалімдері футбол және волейболдан өзара шеберлік байқасты. Бұл жарыс педагогтардың тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар спорттық рухы мен ауызбіршілігін де паш етті.
Мереке қарсаңында өткен бұл турнир ұстаздар қауымына ерекше серпін берді. Кәсіподақ ұйымы мен мектеп басшылығының мұндай бастамалары педагогтардың салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби байланыстарын нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Жүлделі орындарға ие болған ойыншылар кәсіподақ ұйымының атынан медаль, кубок, дипломдармен марапатталды.
Маңғыстау облыстық ұйымының Жаңаөзен қалалық филиалы