КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Бүгін Қазалы аудандық Оқушылар үйінде білім беру ұйымдарындағы Келісу комиссиясының мүшелеріне арналған кезекті оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Х.Тарбақов «Жеке еңбек даулары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, еңбек дауларын шешудің құқықтық тетіктеріне тоқталды.
Сонымен қатар, Келісу комиссияларының жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындылары негізінде дайындалған бейнематериалдар көрсетіліп, комиссия қызметіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер жан-жақты талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
-
Фотографии
-