КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
12-14 мамыр аралығында Қызылорданың Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен педагогтарына қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдау барысында еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ақысыз демалыс беру тәртібі, әлеуметтік демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер, зейнет жасына шығу, қосымша ақылардың заңдылығы және ауыстырылған сабақтардың төленуі жөнінде түсіндірмелер берілді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық сұрақтарға заң аясында толық жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта өзге аудандарда да жалғасын табатын болады.
-
Фотографии
-