ҚАРАҚИЯДА ҮЗДІК ЖАС МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
13 мамыр күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында «Айналайын» бөбекжай базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған байқаудың аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Байқауға 14 педагог қатысып, үш кезең бойынша өз тәжірибелері мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың Е-портфолиолары мен «Заманауи тәрбиеші қандай болу керек?» тақырыбындағы эсселері сарапталып, ұйымдастырған іс-әрекеттері бағаланды.
Қарақия аудандық әдістемелік орталықтың сектор меңгерушісі М.Бұсырманова үздік педагогтарды жүлделі дипломдармен марапаттады. «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Қарақия аудандық филиалының төрағасы М.Қаржаубаева байқауға қатысушы 15 педагогқа бағалы сыйлықтар табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – «Ғарышкер» бөбекжайының тәрбиешісі Бибігүл Ертілиева;
І орын – «Құлыншақ» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Лаззат Есетова;
ІІ орын – «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Ұлболсын Исатай;
ІІ орын – «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі Тілектес Бақытова;
ІІІ орындарды – «Балауса» бөбекжайының музыка жетекшісі Алтынай Самединова, «Құлыншақ» бөбекжайының эстетика педагогы Қалампыр Қуандықова иеленді.
Ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды: «Жаңашыл педагог» номинациясы – «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Ақмарал Жұмағазиева; «Шебер педагог» номинациясы – «Еркемай» бөбекжайының тәрбиешісі Күмісхан Өтегенова; «Креативті педагог» номинациясы – «Ерке-Наз» бөбекжайының тәрбиешісі Әсемгүл Дінасылова; «Өнерлі педагог» номинациясы – «Айназ» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі Ақмарал Айдарбайқызы.
Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, бас жүлде иегері Ертілиева Бибігүл Мұхамедқызына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық кәсіподақ филиалы