ЖАЛАҒАШТА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Жалағаш аудандық білім беру мекемелерінің келісу комиссиясының мүшелеріне Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Хамит Мұратұлы Тарбақов арнайы семинар өткізді.
Семинар барысында ҚР Еңбек кодексіндегі еңбек қатынастарына байланысты негізгі нормалар түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Сонымен қатар еңбек шартын жасау, өзгерту және бұзу тәртібі, еңбек дауларын шешу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар аясында кәсіподақ өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәселелері бойынша заң аясында кеңестер берді. Туындаған мәселелер бойынша аудандық кәсіподақ төрағасына тиісті түсіндірмелер беріліп, олардың оң шешілуіне ықпал ету қажеттігі айтылды.
Семинар қорытындысында келісу комиссиясының мүшелеріне арнайы сертификаттар табысталды.
-
Фотографии
-