ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР ЖАЛҒАСУДА
18 мамыр күні Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелеріне «Жеке еңбек дауларын қарау тәртібі» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттеу, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек шартын жасау және бұзу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында түсіндірме беріліп, тәжірибелік мысалдар арқылы талқылаулар жүргізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек дауларын заң талаптарына сәйкес шешу тәжірибесін жетілдіру.
-
Фотографии
-