ЫРҒЫЗДА ЖАС МАМАНДАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ақтөбеде Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Жастар кеңесінің бастамасымен «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты жас мамандарға арналған семинар-практикум ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Семинарға бес жылға дейінгі жұмыс өтілі бар білім беру ұйымдарынан 1–2 жас педагог қатысты.
Басқосу барысында «Біз бір командамыз» атты психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушылардың өзара байланысы нығайтылды.
Семинардың ашылуында кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов пен аудандық білім бөлімінің Қасымжомарт Мырзғали жас мамандарға қолдау көрсету мен кәсіби дамудың маңызын атап өтті.
Негізгі бөлімде тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар арасында ашық алаң ұйымдастырылып, сабақ беру әдістері, оқушымен жұмыс және кәсіби әдеп мәселелері талқыланды.
Қатысушылар QR-код арқылы топтарға бөлініп, бірлескен жобалық жұмыстар орындады. Сонымен қатар педагогикалық жағдаяттарды талдап, тиімді шешімдер ұсынды. Арнайы шеберлік сағаттарында заманауи сабақ беру әдістері мен жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану жолдары көрсетілді.
Басқосу соңында белсенді жас мамандарға сертификаттар табысталды.
Бұл семинар жас педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған тиімді тәжірибе алмасу алаңы болды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы